379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында сайлау комиссияларының мүшелері сынақтан өтуде

  • 91
  • UPD: 23:46, 13.05.2019

Алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты Халықаралық байқаушыларды акредиттеу 3 маусымда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

28 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 94 журналисі акредиттелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеді. Ал Қостанай облысында 782 сайлау учаскесі бар. Қазір оларды қажеті құрал-жабдықтармен, баспа өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Облыстағы аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы биыл 30 процентке жаңартылған. Заң талабы бойынша комиссия мүшелерінің барлығы 24 сағаттық оқу курсынан өтуге міндетті. Бүгінде солардың үштен бірі оқуын тәмамдап, тиісті сертификатқа ие болған. Мамыр айының аяғына дейін оқытып, тест қабылдау толық аяқталады. Әзірге бұл сынақтан сүрінгендер жоқ.

Антонина Маркова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

– Біз 36 сұрақтан тұратын тест дайындадық. Сол арқылы комиссия мүшелерінің сайлауға қатысты заң талаптарын, дауыс беру тәртібін қаншалықты меңгергендігін тексереміз. Соған орай оқу курстары кезінде қандай мәселелерге мән беру керектігін ескеріп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы