378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 200 көп балалы анаға пәтер кілті табысталмақ

  • 104
  • UPD: 10:29, 14.05.2019

Шығыс Қазақстан облысында 906 көп балалы отбасы пәтер кезегінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың баспанаға мұқтаждығын шешу басты назарда. Биыл өңірде 200 көп балалы анаға пәтер кілті табысталмақ. Мамыр мерекелеріне орай игілікті іс басталып та кетті.

Мәселен, Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында салынған үйлерден 5 жанұя баспаналы болды. Айта кету керек, мұнда 3800 көп балалы отбасы болса, соның 370-і пәтер кезегінде тұр. Кілт табыстау шарасы облыс орталығы Өскеменде де жалғасты. Қаладағы бес көп балалы ана жаңа қонысқа ие болды. Бірнеше жылдан бері баспанасыз жүріп, пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған жандар үшін бұл – үлкен қуаныш. Айта кеткен жөн, облыс орталығында 2 мыңнан астам көп балалы отбасы болса, соның 228-і өз кезегін күтіп отыр.

Бейбітгүл Сығаева, көп балалы ана:

– Қалаға келгелі жалдамалы пәтерде тұрдық. Жолдасым қайтқалы 4 жылдай болды. Бес баламен қалдым. Баспаналы болғаныма қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы