384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 326 адам қызылша ауруын жұқтырған

  • 566
Жамбыл облысында 326 адам қызылша ауруын жұқтырған

Жамбыл облысында 326 адам қызылша ауруын жұқтырыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым көпшілігі – 14 жасқа толмаған бала. Ал 13 проценті – екпе салдырудан бас тартқандар. Тәулік сайын жүргізілген мониторинг нәтижесінде аймақта ай сайын 30 адамның ауыратындығы белгілі болып отыр. Қазір эпидемияға қарсы алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша жалпы саны 30 мыңға жуық адамға қызылшаға қарсы екпе егілген. Сәуір айынан бастап 10 айға толған нәрестелер мен медициналық қызметкерлер екпе қабылдап жатыр.

Күмісбек Рахимов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл аурудың төмендеп келе жатқандығы байқалып отыр. Сәуір айынан бастап қазіргі таңға дейін вакцинамен толық қамтылуға болады. Қазіргі таңда 17 мыңнан астам вакцина бар. Бұл бізге толығымен жетеді.

Хабар 24 телеарнасы