378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы 123 ауылда кене ошағы анықталды

  • 89
  • UPD: 18:36, 13.05.2019
Қызылорда облысындағы 123 ауылда кене ошағы анықталды

Қызылорда облысында жыл басынан бері жүзден астам адамды кене шаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қансорғыштан ешкім қауіпті инфекция жұқтырмаған. Конго-қырым қанды безгегін таратушы жәндіктердің ошағы аймақтың 123 елді мекенінде анықталып отыр. Эпидемияға қарсы шаралар мен ауылдар маңында қауіпсіз белдеу қалыптастыру үшін 214 миллион теңге қарастырылып отыр. Қазір өңірдегі шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың қора-қопсысындағы мал-мүлкін дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақайша Сматова, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы:

– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты залалсыздандыру жұмыстары облыс бойынша дер уақытында басталды. Қажетті құрал-жабдықтар толықтай жеткілікті. Бұл жұмыстар оңтүстік аудандарда Жаңақорған мен Шиелі, сонымен қатар Қызылорда қаласында аяқталды. Соған сәйкес тиімділіктері анықталуда. Ал солтүстік аудандарда бұл жұмыстар әлі де жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы