378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңға жуық пәтер құрылысы басталады

  • 91
  • UPD: 10:31, 14.05.2019

Жалпы еліміз бойынша баспанаға мұқтаж 31 мыңдай көп балалы отбасы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жеті жыл ішінде осы санаттағы тұрғындардың мәселесі түбегейлі шешімін табады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңға жуық пәтер құрылысы басталады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының орталық аппараты мәжілісінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді. Сондай-ақ биыл Жастар жылына орай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бір мың тұрғын үй қолданысқа берілмек.  

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Былтыр 12,5 млн шаршы метр үй салынды. 113 мың отбасы баспаналы болды. Осының нәтижесінде пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша Қазақстан ТМД аумағында бірінші орынға шықты. Әсіресе, Алматы, Маңғыстау облыстарында құрылыс қарқынды.

Хабар 24 телеарнасы