379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: Шымкентте дауыс берушілер саны 230 мыңға көбейген

  • 126
  • UPD: 23:49, 13.05.2019

Шымкентте алдағы өтетін кезектен тыс президенттік сайлау науқанында 569 375 азамат өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдыңғы сайлаумен салыстырғанда, дауыс берушілер саны 230 мыңға көбейген.

Саяси науқаннан мүмкіндігі шектеулі жандар да шет қалмайды. Олардың да өз құқығын пайдалану үшін барлық қолайлы жағдай жасалады.

Шымкент республикалық қала статусын алғалы алғаш рет Президент сайлауын өткізбек. Осыған орай шаһардағы сайлау комиссиясының жұмысы да қарқын алған. Халықтың өсімі байқалған соң, қалада жаңадан 25 жаңа сайлау учаскесі қосылған. Ал жалпы дауыс беру орындарының саны 260-ты құрайды. Енді мамандар сайлаушылардың нақты тізімін анықтауға көңіл бөлуде.

Ерлан Дауылбаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Егер азаматтар басқа аумаққа қызмет бабында баратын болса, өзі тіркелген мекенжайдың сайлау учаскесінен талон алып, барған жерінен дауыс беруге құқылы.

Қалалық сайлау комиссиясы әсіресе шаһардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз таңдауын жасауына көп көңіл бөліпті. Негізінен Шымшаһарда ондай 35 мың жан бар. Олардың 29 мыңнан астамы сайлауға қатысуға құқылы.

Еркеғали Әлімқұлов, қала әкімі аппаратының басшысы:

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісті пандустар, сонымен қатар лупалар, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл – бір мәселе. Екінші мәселе – сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндіктері болмайтын азаматтардың үйлеріне барып, сайлау учаскесінің мүшелері дауыс беруді қамтамасыз етеді.

Саяси науқанның өтуіне жауапты 2391 сайлау комиссиясының мүшелері қазір Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалында каскадтық әдіспен электорадтық негізде білім алуда. Олар мұнда сайлау туралы заңнамалармен танысып, біліктілігін шыңдайтын болады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы