389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы көп қабатты үйдің тұрғындары 3 айдан бері газсыз отыр

  • 370
  • UPD: 23:37, 13.05.2019

Петропавлдағы көп қабатты үйдің тұрғындары 3 айдан бері көгілдір отынсыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ақпан айында газ жарылып, үйдің есік-терезесі қирап, қабырғалары шытынаған еді. Сол кезде қалалық әкімдіктен отбасыларға өтемақы беріліп, жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Бірақ газ мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген.

Анна Ленщикова жалғыз тұрады. Зейнеткер күнделікті ас-суын қуат көзімен дайындайды. Үйде газ жоқ. «Сондықтан үнемдеуге тура келеді», – дейді ол.

Бұл үйдің 5-қабатында ақпан айында газ жарылып, пәтер қабырғалары құлап қалған еді. Төтенше жағдайға байланысты 3 отбасы уақытша баспанаға көшірілді. Қалалық әкімдік есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өтемақы берілді. Бірақ газ қосылмады.  

Ұлпа Сағитова, қала тұрғыны:

– Бірінші мамырға дейін береміз деп уәде берген. Әлі жоқ.

Қалалық әкімдік қызметкерлері жағдайдан хабардар. Олардың айтуынша, қалпына келтіру, сараптама және тағы басқа да жұмыстарға 13 млн теңге бөлінді. Енді сол жұмыстарды қабылдап алу керек екен.  

Мадияр Жанқұдин, қалалық тұрғын үй инспекциясы жетекшісінің м.а:

– Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалаудың шешімін зерттейді. Газ содан кейін ғана беріледі.

Нақтырақ айтсақ, газ осы аптаның соңына дейін беріледі. Қырығына шыдаған, қырық біріне де шыдайды. Тұрғындар: жауаптылар осы жолы уәдесінде тұрса болды», – дейді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы