378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда су тасқынының қаупі сейілді

  • 85
  • UPD: 07:18, 14.05.2019
Петропавлда су тасқынының қаупі сейілді

Петропавлда 103 саяжай учаскесі әлі күнге дейін су астында жатыр. Дегенмен, мамандар Есіл өзеніндегі судың деңгейі біршама төмендегендігін айтуда.

Қазір өңірде уақыт өткен сайын жағдай тұрақталып келеді. Жалпы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көктемде 92 елді мекенді қатаң бақылауға алған болатын. Уақытылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үйлерге су кірген жоқ. Жалпы биыл аймақта су қоры өткен жылдармен салыстырғанда 6 есе көп болған. Ал тасқынның алдын алу үшін 1400-ден астам құтқарушы және 1200 техника жұмылдырылды.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- 90 ауылдың қасында 530 шақырым қорғау жұмыстары жүргізілді. 11 миллион тонна су шығарылды ауылдардан. Былтырдың өзінде 20 шақты арнайы су өткізетін жолдарда құбырлар қойылған. Биыл да 27-і қойылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы