379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Степногорсктегі қоқыс полигонынан шыққан өрт толық сөндірілді

  • 69
  • UPD: 11:35, 14.05.2019

Степногорск қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан шыққан өрт толық сөндірілді.

Қызыл жалын мамыр айының басында тұтанған болатын. От өшкенмен, одан шыққан қою түтін осы уақытқа дейін қала тұрғындарын әбігерге салып келген еді. Өйткені қоқыс жиналған аумақта бірнеше күннен кейін қайта от тұтанған. Бұған желдің күшеюі мен күннің күрт ысуы себеп болған.

Еркебұлан Баяхметов, Степногорск қаласының әкімі:

- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қосымша техника жұмылдырылды. Қазір мұнда 32 техника жұмыс істеуде. Олар өртенген аумақты топырақпен жауып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы