379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері елімізде бірқатар салада ілгерілеу байқалды

  • 111
  • UPD: 12:17, 14.05.2019

Қазақстанның жалпы ішкі өнім өсімі биылғы қаңтар-сәуір айларында 4% құрады.

Бұл туралы Үкіметте ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Айтуынша, алғашқы 4 айда әсіресе құрылыс, сауда, көлік және машина жасау салаларында ілгерілеу байқалған. Сондай-ақ Үкіметте электронды сауданы дамыту мәселелері қаралды. «2025 жылға қарай қазақстандық интернет алаңдардағы сатып алынған заттар көлемі 2 трлн теңгеден артып, жалпы бөлшек сауданың 25% құрайды. Нәтижесінде алты жылда 300 мыңнан астам жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туады» дейді жауапты өкілдер. Жиын қорытындысында Үкімет басшысы Асқар Мамин электронды коммерцияны дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы