379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық жомарт жан балаларға ойын алаңын салып берді

  • 103
  • UPD: 12:33, 14.05.2019
Ақтаулық жомарт жан балаларға ойын алаңын салып берді

Ақтау қаласының тұрғыны жерлестеріне тамаша тарту жасады. Жомарт азамат 5-шағын аудандағы көп қабатты үйлердің ауласына балаларға арнап ойын алаңын салып берді.

300 шаршы метрді алып жатқан алаң соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Әткеншек, сырғанақ, балалар ойнайтын құм алаңы дейсіз бе бәрі бар. Отырғыштар қойылған. Балалардың жарақаттанып қалмауы үшін қауіпсіз төсеніш те төселіпті. Ағаш мүсіндерден ойылып жасалған ертегі кейіпкерлері көздің жауын алады. Игі істі қолға алып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған азаматқа ата-аналар дән риза. 

Зейнегүл Маханова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Коврикке дейін бар, качеля дейсіз бе, сырғанақ  дейсіз бе, бәрі бар. Он күнге Алматыға кеткенбіз, келсек, мынандай етіп құрастырып үлгеріпті. Қуаныштымыз. Басқа жаққа барудың қажеті жоқ, міне үйдің қасында, керемет.

Хабар 24 телеарнасы