378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жөнделіп жатқан жолдың экономикалық маңызы зор

  • 81
  • UPD: 12:57, 14.05.2019
Қостанай облысында жөнделіп жатқан жолдың экономикалық маңызы зор

Республикалық маңызы бар «Қостанай-Қарабұтақ» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталған болатын.

Бұл жобаның әлеуметтік, экономикалық тиімділігі зор. Еліміздің орталығы мен батысын жалғайтын күре жолдың Қостанай облысындағы бөлігі 114 шақырымды құрайды.130 мың халқы бар 4 ауданның аумағы арқылы өтеді. Ең бастысы, бұл автожол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне шығуға мүмкіндік береді. Жоба құны  36 миллиард тенгеге жуық. Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын алдағы екі жылдың ішінде аяқтау көзделіп отыр.

Андрей Горват, «Қазавтожол» ҰК ҚОФ директоры:

- Биыл Денисовтан Перелескиге дейін, Перелескиден Тобыл станциясы дейінгі аралықта әрқайсысы 25 шақырымдық екі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әзірге осы бөлікке 1 миллиард тенгеден бөлінді. Енді 1-учаскеге 4 миллиард, 2-учаскеге 3 миллиард тенге қосымша қаржы қаралып отыр. Ондағы мақсат биыл негізгі жұмыс ауқымын еңсеріп тастау.

Хабар 24 телеарнасы