378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқан түбегіндегі қазіргі үш елдің қаласы ежелде қыпшақтарға бағынған

  • 144
  • UPD: 14:20, 14.05.2019

1189-1242 жылдар аралығында Эдирне, Пловдив және Диметок қалалары Дешті Қыпшақ даласынан шыққан бабаларымыздың иелігінде болды. 

Бүгінде бұл шаһарлар Түркия, Болгария және Грекия мемлекеттерінің аумағында. Түркиядағы сапар барысында «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Эдирне қаласына арнайы келіп, арғы аталарымызға құтты болған тарихи мекендерді аралады. 

Түркияның солтүстік батысындағы Эдирне қаласы. Орта ғасырларда көшпелі халықтарды тоғыстыратын тоғыз жолдың торабы болды. Бұл маңға бабаларымыздың алғашқы легі біздің заманымызға дейінгі 7-6-ғасырларда келе бастаған. Екінші толқын біздің заманымыздың 5-ғасырында осы өлкеге аяқ басқан ғұн тайпалары. Ал үшінші лек 11-12-ғасырда Византия империясының шақыруымен қоныс аударғандар. Византиялықтар оларды жалдамалы жасақ ретінде қабылдады. Бабаларымыздың бұл маңды мекен еткенін дәлелдейтін жәдігерлерді Эдірнедегі орталық музейден көруге болады. Сол заманда іргесі қаланған қамалдың қабырғалары да бүгінге дейін бүтін тұр.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Алпамыс атты қыпшақ түрік жігіті сол туралы аңыз бар. Өйткені сол Алпамыс Византияның армиясын сол кезінде басқарған. Өте атақты жауынгер қолбасшы болған. Алпамыс туралы басқа халықтарда да аңыздар бар. Оның ішінде қазақтарда да Алпамыс туралы аңыз бар. Біздің бабаларымыз бұларға не берді деген уақытында олар бізден көп нәрсе алды. Сол кезінде қыпшақ түріктерден атқа міну, ер тоқым, садақ ату, қылыш. Қыпшақтардың киген киімі өте сұлу болған. Византия монархтарының өздері императорлары үстеріне киген.

Дешті қыпшақтан шыққан жауынгерлер Византияға жалдамалы әскер болғанын түркиялық ғалымдар да растайды. Мимар Синан университетінің профессоры Осман Иорылмаздың айтуынша, олар Византия шекарасын біраз жыл жаудан қорғады. Алайда бауырлас түркі халықтарына қарсы шықпаған.

Осман Иорлмаз, тарих ғылымдарының профессоры:

- Олар Византияда әскер түрінде ақшалы әскер түрінде қызмет атқарғандарын білеміз. Әсіресе оларды Анатолиядағы Селжук мемлекетіне қарсы византиялықтар оларды пайланғысы келді. Қазіргі Ыстамбұл бұғазынан Селжуктарға қарсы соғыстыру үшін Азия жаққа көшірлегндерінің қайтып Балқанға көшкендерін біз олардың өздерінің кімдерге қарсы апарылғандарын үйренгеннен кейін олар соғыспай мысалы 15 мың әскер бұғаздан өтіп қайтып кетеді. 1071 жылы Селжуктар мен византиялықтар арасында болған Алыпарысылан дәуірінде болған соғыста сол византиялықтардың қарамағында болған қыпшақтар, печенегтер, оғыздар олар византиялықтарды тастап селжуктардың жанына барады. Яғни өз туықандарымен соғыспай кімнің әскері болғанына қарамастан олармен соғыспай Алыпарсылан жаққа барады.

Түркиядағы мына ауылдың тарихы да біздің бабаларымыздың есімімен тікелей байланысты. Деректерге қарағанда бұл өңір 1266-1287 жылдары Дели сұлтандығын басқарған Гииас-ад-дин Балбанның туған жері болған. Бүгінде мұнда 450 адам тұрады. Даңқты баба атындағы ауылға арнайы барып жұртшылықпен жүздестік. Байырғы тұрғындар некен саяқ. Сондықтан ауыл атауының қайдан шыққанын ешкім нақты айта алмады.

Айхан Четин, Балабан ауылының тұрғыны:

- Тарихтан хабары бар байырғы тұрғындар басым бөлігі басқа өңірлерге көшті. Халық жаңарды десек болады. Бірақ біз түбіміз қыпшақ түріктерінен дегенді естігенбіз. Алайда зер салып зерттемедім. Менің ата-бабам бұл маңға Қырымнан келген. Ауылда басқа да ұлттар мен тайпа өкілдері бар. Көбі мал бағып, егіншілікпен айналысады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы 24 күн ішінде Грузия, Әзербайжан, Иран және Түркия мемлекеттерінің бірнеше қаласын аралады. Сапар Барысында жергілікті тарихшылармен кездесіп, дешті қыпшақ даласынан шыққан даңты бабаларымыз жайлы тың ақпараттар жинады. Сондай-ақ арғы аталарымыздың осы өлкеде өмір сүріп жатқан ұрпақтарымен жүздесті. Осымен ғылыми экспедицияның бұл жолғы сапары Түркияның Ыстамбұл қаласында өз мәресіне жетті. Дегенмен жыл соғына дейін Сирия, Қытайдағы Қашқария аймағы, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттеріне барып, Бабаларымызға қатысты тың ақпараттар жинау жоспарда бар. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы