378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» журналисі Еуроодақ жариялаған байқауда жеңіске жетті

  • 142
  • UPD: 15:34, 14.05.2019

«Хабар 24» журналисі үздіктер қатарында. Әріптесіміз Алёна Горбачева «Еуропалық одақ - Қазақстан: медиа әріптестікті нығайту» атты байқауда жеңіске жетті.

Жеңімпаздар еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын өз шығармашылығына арқау етіп, ақпараттық-танымдық материалдар жариялаған. Сондай-ақ олар кәрі құрлықта қалыптасқан саяси-экономикалық аухалды да жан-жақты саралаған. Айта кетейік, байқауда әріптесімізден бөлек отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі жеңімпаз атанды. Оларға Еуроодақ астанасына жолдама беріліп, сыйлықтар табысталды.

Эльнара Байназарова, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз хатшысы:

- Жұмыс түскен болатын. Оның ішінде 26 жұмыс қысқаша тізімге енді. Ең бір жоғары сапалы жұмыстар ретінде теледидар, баспа, радиоматериалдары болды. Біз бүгінгі шешім арқылы 3 жеңімпаз Брюссельге және Бішкекке аттанады. Ал 5 жеңімпаз Еуропалық одақтың және Қазмедиа мектебі атынан арнайы промосыйлықтарға ие болады.

Хабар 24 телеарнасы