389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты

  • 409
  • UPD: 23:32, 14.05.2019
СҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты vko-zozh.kz

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айынан бастап 96 адамды кене шаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 40-ы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлайды. Ал бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге артық. Оған өңірде ауа райының күрт жылынуы себеп. Сондықтан әсіресе табиғат аясына демалуға шығатындарға мамандар сақ болуды ескертеді. Өйткені бұл қансорғыштар түрлі жұқпалы аурулар тасымалдауы мүмкін. Жалпы, биыл кенелермен күреске жергілікті бюджеттен 3,3  миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Гүлнәр Аждарова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  бас маманы:

- Бір адамнан кене бөртпе сүзегі ауруы анықталды. Бұл факті Қызылжар ауданында тіркелді. Науқастың қызуы көтеріліп, бірден дәрігердің көмегіне жүгінген. Оған тиісті ем-дом шаралары көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы