379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Туристік полиция айдынды Алакөлге аттанды

  • 107
  • UPD: 23:32, 14.05.2019
Туристік полиция айдынды Алакөлге аттанды

Алматы облысында туристік полиция құрылып, тәртіп сақшыларының алғашқы легі Алакөлге аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ақши ауылындағы учаскелік пунктте тұрып, көл жағалауында қызмет ететін болады. Яғни тынығушылардың табиғатты ластамауын, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбауын қадағалайды. Одан бөлек шетелдік туристермен жұмыс істейді. Арнайы іріктеуден өткен полицейлердің әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерін жетік меңгерген.

Айта кетейік, былтыр Алакөлге 1 млн-нан аса саяхатшы келді. Биыл  демалушылар саны 2 млн-ға жуықтауы мүмкін деген жоспар бар. 

Ержан Алтаев, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

- Алматы облысы бойынша бізде Қапшағай, Шарын шатқалы, Көлсай көлі тамаша орындар бар. Болашақта туристер саны көбейіп жатса, полиция штаты көбейеді.

Хабар 24 телеарнасы