378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық зейнеткер бос аумақты баққа айналдырмақ

  • 78
  • UPD: 23:31, 14.05.2019
Қарағандылық зейнеткер бос аумақты баққа айналдырмақ

Ұзақ жыл құқық қорғау саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан подполковник Пётр Володин қоршаған ортаны қорғауға бел буыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды өңірінде 30 жыл қылмыспен күрескен тәртіп сақшысы бос жатқан аумаққа ағаш егіп жатыр. Зейнеткер үйінің маңындағы алаңқайды болашақта баққа айналдырмақ. Күл-қоқыс полигонының орнын тегістеп, қара топырақ төккен. Қарағай, қайың және алма ағашын қараусыз қалған саяжайлардан қазып алыпты.

Петр Володин, қала тұрғыны:

- Бұл жерде бұрын полигон болған. Күл-қоқыс бейберекет шашылып жататын. Ал одан шыққан қолаңса иіс қолқаны қабатын. Сондықтан дәл осы алаңды абаттандыруға бел будым. Шамамен 50-60 түп ағаш егіп, келешекте бұл мекенді баққа айналдырсам деген арманым бар.

Хабар 24 телеарнасы