379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында студенттер көлік ұрлаған

  • 75
  • UPD: 23:31, 14.05.2019
Ақмола облысында студенттер көлік ұрлаған NewsRoom

Ақмола облысында көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға мамыр айының басында Степногорск қаласында болған. Жергілікті полиция басқармасына ВАЗ-2107 жеңіл автокөлігінің иесі темір тұлпарының қойған жерінен жоғалып кеткенін телефон арқылы хабарлайды. Полицейлер аймақтағы барлық бөлімдерге аталған ақпаратты таратады да бірден іздеу шараларына кірісіп кетеді. Арада біраз уақыт өткен соң степногорлық тәртіп сақшыларына Шортанды ауданына қарасты Гуляйполе ауылында бөтен көліктің жүйткіп жүргені жайлы хабар жетеді. Тексеру барысында ол көліктің жоғалған ВАЗ-2107 жеңіл автокөлігі екені анықталады. Ал оны айдап алып кетті деген күдікке 1999 және 2001 жылдары туған азаматтар ілініп отыр. Олар Степногорск қаласындағы колледждердің бірінде оқиды екен. Ал ауылдастарына «көлікті сатып алып келдік» деп сендірген.

Қазір аталған іске қатысты күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 200-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар өз кінәларын мойындаған. Қылмыстары толық дәлелденсе, жас жігіттер 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы