378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік шаруалар Австралиядан 4,5 мың бас ірі қара алдыртуда

  • 71
  • UPD: 23:30, 14.05.2019
Ақтөбелік шаруалар Австралиядан 4,5 мың бас ірі қара алдыртуда

Зеңгі баба тұқымы осы айда батыс өңірге жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге келетін төрт-түлік етті болуы тиіс, әрі шекараның ар жағынан келуі керек. Бұл – «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының басты талабы. Сырттан асылтұқымды мал әкелу арқылы жануарлар санын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделген. Сосын шаруа қожалықтары көбейеді. Жалпы өңірге биылдыққа асылтұқымды 16 мың бас әкелінуі тиіс. Сол арқылы етті ірі қара өсіруді жоспарлаған 160-қа жуық жаңа серіктестік ашылады. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау болады. Осы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 ай ішінде 8 мыңнан астам сиыр сатып алуға несие бөлінген екен.

Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бізге ең көп келіп жатқан ангус тұқымды ірі қара. Герефорт тұқымды ірі қаралар. Сосын сементал алып келіп жатыр. Және қазақтың ақбас тұқымы. Сонымен бірге биыл осы үш мың бас қалмақ тұқымды сиырларды әкелеміз деп жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы