378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында болған әуе апатының себептері жарияланды

  • 89
  • UPD: 23:29, 14.05.2019

Осыдан екі жыл бұрын Алматы облысында болған әуе апатына қатты жел себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері тергеу жұмыстарының қорытындыларын жариялады. Тексеріс барысында анықталғаны мынау: оқу-жаттығу ұшағының қозғалтқышы уақытша қуатын жоғалтып, экипаж мүшелері әуе кемесін басқара алмай қалған.

Еске салайық, апат 2017 жылдың тамыз айында Алматыдан 43 шақырымдық жердегі «Азём» жекеменшік аэродромында болған. Сол жолы ұшқыш-нұсқаушы мен курсант қаза тапқан еді. Мамандар тексерістің ұзаққа созылуын сараптамаға қажетті бөлшектердің Италия мен Австрияға жіберілгендігімен түсіндірді.  

Нұрлан Жұмасұлтанов, ҚР ИИДМ авиациялық және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы:

- Апаттың негізгі себебі ұшақ төмен биіктікте ұшып шығып, күшті желдің ықпалына тиген. Салдарынан ұшу барысында қауіпті жағдай туындап, әуе кемесінің экипажы әуе кемесін басқара алмай, жерге құлаған. Оған қоса бұл жекеменшік аэродромда оқу мақсатындағы шараларды жүргізуге рұқсат болмаған. Сонымен қатар ұшақты басқару барысында бірқатар нұсқама бұзылған.

Хабар 24 телеарнасы