378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде бүлдіршін биіктен құлап аман қалды

  • 72
  • UPD: 23:29, 14.05.2019
Өскеменде бүлдіршін биіктен құлап аман қалды Sputnik Казахстан

Өскеменде 4 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап аман қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баланы періштесі қағып, кіреберістің шатырына дөп түскен. Көршілер бірден көмекке ұмтылып, дереу жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың іш құрылысына, бүйрегі мен бауырына зақым келген. «Бірақ күрделі операция жасайтындай себеп жоқ», – дейді олар. Ал Риддерде 2 жарым жастағы бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Үй ішіндегілер баланың терезе маңында ойнап жүргенін байқамай қалған. Қазір сәби облыстық Ана мен бала орталығына ем қабылдап жатыр. 

Бақытбек Шылай, Риддер қаласының тұрғыны:

- Өзі ашқан, торды ұстаймын деп ары қарай кетіп қалған, бұл Алланың қалауымен аман қалды, басқа кісілерге айтарым абай болу керек екен.

Ержан Солтанбеков, Ана мен бала орталығының травмотология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі:

- Оң жақ аяғының ортан ілік сүйегі ортасынан морт бөлініп сынған болатын, сол күні операциясыз жабық күйде түзеліп бекітілді, қазіргі жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы