378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да киіктер төлдеп жатыр

  • 103
  • UPD: 23:29, 14.05.2019
БҚО-да киіктер төлдеп жатыр bko.prokuror.gov.kz

Құралайдың салқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облысында киіктер жаппай төлдеп жатыр. Сәуір айында Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында тікұшақтың көмегімен киік санағы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мамандары мен аумақтық инспекция және «Охотзоопром» қызметкерлері бірлесіп атқарады. Жаңа туған лақтардан тиісті сынамалар алынып, салмағы өлшенеді. Кейбіріне электронды қарғыбау тағылады. Былтырғы есеп бойынша Батыс Қазақстан облысындағы Орал популяциясына жататын киіктердің саны 135 мыңға жеткен. Қыстың қатты болуына байланысты дала жануарлары көршілес Атырау облысының аумағында қыстап шыққан. 

Арман Ізімғалиев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы:  

- Зерттеу жұмыстары дайын болғаннан кейін нақты саны анықталады. Бірақ сырт көзбен қарағанда киіктердің саны облыста көбейгені байқалып отыр. 50-40 пайызға көбейгені байқалады.

Хабар 24 телеарнасы