379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында учаскелік сайлау комиссиясы төрағаларының курсы басталды

  • 141
  • UPD: 23:29, 14.05.2019
Атырау облысында учаскелік сайлау комиссиясы төрағаларының курсы басталды

Атырау облысында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін семинар-тренинг басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған облыстағы 271 учаскелік сайлау комиссиясынан 500-ден астам тыңдаушы қатысады. Бүгінде Атырау қаласы мен 5 ауданнан шақырылған 300 тыңдаушы дәріс алуда. Ал шалғай орналасқан екі ауданға көшпелі семинар ұйымдастырылады. Қатысушыларға білікті мамандар Қазақстан Республикасының конституциялық және сайлау заңнамасының негізгі нормалары туралы дәріс береді. Барлық тыңдаушылар 28 мамырға дейін арнайы курстан өтіп, сертификат алуы тиіс.

Жаннат Нұртілеуова, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясы облыстық филиалының директоры:

- Жалпы семинар-тренингтің мақсаты – учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшыларын сайлау заңнамасы, қазіргі тенденциялар, халықаралық тәжірибемен таныстыру. ҚР сайлау комиссиясының жүйесімен, ҚР Президент сайлауын өткізу және ұйымдастыру ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық, дайындық жұмыстарымен таныстыру болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы