378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шет елдегі қандастарға қолдау күшейеді

  • 175
  • UPD: 23:28, 14.05.2019

Шетелде тұратын қандастарымызға мәдениет және спорт саласында қолдау күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы меморандумға еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Нұртай Әбіқаев қол қойды. Енді келісім шеңберінде шетелдегі этникалық қазақтар үшін оқу әдістемелік құралдар әзірленіп, халықаралық және өңіралық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жат жерде жүрген қазақ жастарына білім беру үшін бөлінетін квота санын арттыру да алға қойылған көп міндеттің бірі.

Нұртай Әбіқай, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:

- Дүние жүзінде жүрген 5 миллиондай қазағымыз бар екен. Солардың ойын ойлап, жөнді құжаттар дайындап, бір жағынан келгендері бар, келмегендері бар, келейін дегендері бар. Соның бәріне қамқор болсын деп осы қорды құрып отырмыз. Үстіміздегі жылы күзде өткізілетін Отандастар форумын ұсынып отырмыз. Ондай болмаған бұрын. Оны Түркістанда өткіземіз деп отырмыз.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт министрі:

- Жыл сайын шетелде жүрген қандастарымыздың шығармаларын біз Қазақстан мемлекетінің қаражатына кітаптар немесе басқа да керекті бұқаралық ақпараттарға байланысты шығарып, ол кісілерге қайтадан кеңінен таратамыз. Сонымен бірге шетелде жүрген қандастарымызды Қазақстанда өтіп жатқан фестивальдер болсын немесе конкурстар болсын, солардың қатысуына да біз міндетті түрде жағдай жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы