378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жалған көлік нөмірін жасағандар ұсталды

  • 99
  • UPD: 23:28, 14.05.2019
Қарағандыда жалған көлік нөмірін жасағандар ұсталды

Қарағандыда көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін қолдан жасаған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұл қызметтерін әлеуметтік желіде ашық түрде жарнамалап, тапсырыс алып отырған. Құны – 19200 теңге. Үш күн ішінде қалаған жеріңізге жеткізіп береді. «Шебер жасалғаны соншалық, түпнұсқадан айыру өте қиын», – дейді мамандар. Көпшілік жағдайда олардың қызметіне нөмірін жоғалтқандар немесе ұрлатып алғандар жүгініп отырған. Өйткені жол ережесін жиі бұзып, жүздеген мың айыппұлын төлемей жүргендер нөмірді заңды түрде жасатса, берешекті толық өтеуі тиіс. Қазір елімізге өзге мемлекеттерден жеткізіліп жатқан көліктер де өте көп. Олар үшін де бұл көлеңкелі бизнес қолайлы болып тұр. Негізі заң жүзінде арнайы қорғаныш белгілері бар нөмірлерді елімізде тек бір фирма ғана жасауға құқылы. Бағасы – 7 мың теңге, бірақ бір айдан астам уақыт күтуге тура келеді.

Берік Ахметов, МҚІСЖҚІА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- Біз бір-ақ шаруаны анықтадық. Егер де бұл республика, мемлекетіміз бойынша мыңдаған ретте болатын болса, сонда өздеріңіз ойлаңыздар, қанша ақша мемлекеттің қазынасына түспей жатқанын. Өте көп. Бұндай оқиғаларды келешекте болдырмау ретінде қандай шаралар қолдану, қандай әдіс қолдану, сол жөнінде бір шешімге келіп, құзырлы органдарға нұсқау береміз.

Хабар 24 телеарнасы