389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мемлекеттің 300 млн теңгесі қолды болған

  • 391
  • UPD: 23:49, 14.05.2019

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 35 қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл – Петропавлдағы Жамбыл Жабаев көшесі. Былтыр оның жарықтандыру жүйесін жаңартуға 230 млн теңге жұмсалды. Алайда Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оның 44 миллионын есептеп шығара алмаған. Яғни ұрланған деген сөз.

Нұрымжан Абатов, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің бастығы:
- 44 млн-ның ішіндегі 21 млн-ына жобалық-сметалық құжаттарда орнатылуы тиіс құралдардың орнына басқа құралдар орнатылған. Бағасы төмен. Ол – 21 млн. Қалған сомаға істелуі тиіс жұмыстар істелмеген.

Ұрлықтың беті ашылды. Іс тергеліп, сотқа жетті. Бұл жерде тапсырыс беруші қалалық әкімдік қызметкерлерінің жұмысты қалай қабылдағаны қайран қалдырады. Оны өздері де түсіндіре алмады.

Ал бұл – Петропавл халықаралық әуежайы. Ол Қазақстан мен Ресейдің 15-аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында күрделі жөндеуден өткен болатын. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,1 млрд теңге бөлінді. Бірақ қаржының бір бөлігі қолды болған.

Нақтырақ айтсақ, 68 млн теңге жоқ. Бұл ақшаға құжатта көрсетілген қондырғылар қойылмаған. Сорақысы сол, соңында кәсіпкерлер тексеруші тәуелсіз сарапшыларға «ауызбастырғы» береміз деп ұсталды. Олар мәселені оңтайлы шешу үшін 500 мың теңге ұсынған.

Шығын өтелді. Екі кәсіпкер мемлекетке 68 млн теңге қайтарып берді. Сотта олардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысы 6 жыл шартты түрде жаза алды. 

Михаил Гусев, қалалық соттың судьясы:

- Бұл қылмыстық іс екі рет қаралды. Біріншісінде оны прокурормен келіспей қайтарып жібердік. Өйткені күдіктілер шығынды өтемеген. Екіншісінде, шығын өтеліп, оларға қатысты үкім шықты.

Дәніккеннен құныққан жаман. Биыл Экономикалық тергеу департаментімен тергелген қылмыстық істердің сотқа жетуі 20 процентке артып отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы