378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кен орындарында жаңа сайлау учаскелері ашылды

  • 82
Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кен орындарында жаңа сайлау учаскелері ашылды

Маңғыстау облысында вахталық әдіспен еңбек ететін жұмысшылардың Президент сайлауына қатысуына толық жағдай жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай-газ кен орындарында жаңа сайлау учаскелері ашылды. Жалпы алдағы сайлауда аймақта барлығы 231 сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады. Оның 24-і жаңадан құрылған. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бүгін президенттікке үміткерлердің сенімді өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тәртібін түсіндірді. Заң талаптарын бұзбай, ақпараттық парақшалар мен баннерлерді белгіленген жерлерге ілу тапсырылды. Маңғыстауда президенттіктен үмітті 7 кандидаттың 869 сенімді өкілі тіркелді.

Асқар Рзаханов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Биыл сайлаушылардың санын нақтылау кезінде біздің облысымызда 50 мыңдай жаңа сайлаушылардың пайда болғаны белгілі. Сондықтан қазіргі таңда нақтыланған тізім бойынша 390 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Нақтылау әлі де жүргізілуде. Өйткені өзгерістер болады. Қазір біздің сайлау комиссиясының мүшелері, әрбір участокқа көмектерін көрсетуде. Өйткені сайлаушылардың тізімін нақтылау ең соңғы күнге дейін жүре бермек.

Хабар 24 телеарнасы