378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жедел жәрдемнің шетелдік тәжірибесі енгізіліп жатыр

  • 134
Түркістанда жедел жәрдемнің шетелдік тәжірибесі енгізіліп жатыр

Түркістанда жедел жәрдем көрсетудің америкалық тәжірибесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін қалалық емханаға АҚШ дәрігері Чарльз Уилкинсон арнайы шақыртылған. Ол алдағы екі апта бойы жергілікті медбикелер мен фельдшерлерге жүрекке массаж жасау, жасанды тыныс алу жолдарының ерекшеліктері және медицинаның өзге де маңызды шарттарын үйретеді. Оқыту әдістері арнайы қондырғылармен жабдықталған муляждардың көмегімен жүргізіледі. Бұл дәріс алушылардың жаңашылдықтарды жіті меңгеруіне септігін тигізіп отыр. Жалпы шетелдік маманнан 30 медицина қызметкері дәріс алуда. Тренинг нәтижесінде оларға халықаралық дәрежедегі сертификаттар табыс етіледі.

Чарльз Уилкинсон, жедел жәрдем көрсету бойынша нұсқаушы:

– Шынын айту керек, шетелдік дәрігерлердің тәжірибесі қазақстандық әріптестеріне қарағанда бөлек. Мәселен, АҚШ-та негізінен тәжірибені шыңдауға баса көңіл бөлінеді. Бірақ мен жергілікті мамандардың құштарлығына таң қаламын. Олар тез меңгеріп кетуге тырысады. Мұндағы менің мақсатым – олардың біліктілігін шыңдауға көмектесу.

Хабар 24 телеарнасы