379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды

  • 89
Түркістанда көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды

Түркістанда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаладағы алғашқы көші-қон қызметтері орталығы «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни тіркелу жұмыстары бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдейді. Мәселен, осыған дейін елімізге жұмыс істеуге келген шетелдіктер құжаттарын рәсімдеуге 3 күннен 5 күнге дейін уақыттарын жоғалтса, енді бұл шаруа бір-ақ сағаттың ішінде бітеді. Оның үстіне, мұнда азаматтар өзімен бірге паспорт пен миграциялық картасын ғана алып келеді. Ал қалған тексерістер мен анықтамалардың барлығы осы орталықта жасалады.

Біржан Жүнісов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары:

– Бұл жерде екі қызмет түрі көрсетілетін болады. Қызмет көрсететін азаматтардың саны 25-ке жетіп отыр. Әрине, оның барлығы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алынып отырды. Енді бұл жеке арнайы ашылған мекеме.

Хабар 24 телеарнасы