378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық көп балалы ана жеке шаруашылығын ашты

  • 45
  • UPD: 08:27, 15.05.2019

Көп балалы Әлмағанбетовтер отбасы екі жыл бұрын қаладан ауылға қоныс аударып, жеке мал фермасын ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр мемлекеттік бағдарламамен несиеге 10 бас сиыр сатып алған. Биыл сол түлігі төлдеп жатыр.

Ербол мен Гүлсараның үшінші баласы Гүлназдың міндеті – бұзауларға қарау. Сабақтан тыс уақытта әке-шешесімен бірге малды өрістен айдап әкеліп, сиыр саууға көмектеседі. Әрине малдың күтім-бабы айтар ауызға оңай. Тынымсыз еңбекті қажет ететін кәсіп. Кедергілер де жоқ емес.

Ербол Әлмағанбетов, Заречный ауылының тұрғыны:

– Біздегі түйткілді мәселе – іргедегі күре жол арқылы малды айдап өту қиындығы. Сол тұста бір белгі қойылса дейміз. Себебі жүйткіп келе жатқан көлік малмен соқтығысса, кім жауапты болмақ.

Төрт баланың анасы Гүлсара Әлмағанбетова ұзақ жыл қалада тұрып, балабақшада жұмыс істеген. Кейін үлкендері есейген соң, ауылға көшіп, отбасылық ферма ашуға бел буған. Ол үшін алдымен кәсіпкерлік курсын тәмамдады. Сосын жеңілдетілген несиеге 10 бас сиыр сатып алып, қазір соның сүтін саудалап отыр.

Қазір кәсіпкерлікке ден қойғандардың қатарында қыз-келіншектердің үлес салмағы басым. Мысалы былтыр «Бастау» бағдарламасына 310 адам қатысса, соның жартысынан астамы – әйелдер. Және 48-і – көп балалы аналар.

Ақмарал Бекмұрзаева, бизнес-тренер:

– Қазіргі таңда 23 көп балалы ана кәсіпкерлікпен айналысуда. Олар негізі мал шаруашылығымен, аспаздық, тігін тігу және құс шаруашылығмен айналысады.

Ал енді тасжолдың бойында мал өтетіндей бір белгі қою мәселесіне оралсақ, кәсіпкерлер палатасы оны қарастырып, шешеміз деп отыр.   

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы