378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

  • 233
  • UPD: 09:19, 15.05.2019
Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

Шара 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында 17 мамырда Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, сондай-ақ скандинавия жүрісінен жарысқа қатыса алады.

«Сауықтыру жүгірісіне қатысудан басқа, сіз қан қысымын өлшей аласыз, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтай аласыз, дұрыс тамақтану қағидалары туралы, донорлық ұстанымдар туралы кеңес алып, АИТВ статусынан экспресс тест өте аласыз. Нұсқаушы шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізеді», – делінген салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарламасында.

Акцияның мақсаты – денсаулықты нығайта отырып, өмір сүру ұзақтығын арттыруды белсенді насихаттау.

Шара сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Хабар 24 телеарнасы