378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық мектепте электр желілерінің тұйықталуынан өрт бола жаздады

  • 47
  • UPD: 11:40, 15.05.2019
Павлодарлық мектепте электр желілерінің тұйықталуынан өрт бола жаздады

Оқиға №4 мектепте болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мектеп директоры Нұржиян Бәтесова хабарлағандай, электр желілік фильтрдің тұйықталуы бүгін таңғы 08:32-де аудармашы кабинетінде орын алды.

Вахтер дереу өрт сөндірушілерді шақырған.

«Кабинет сәл түтінденгеннен соң бірнеше сынып оқушыларын сыртқа шығара бастадық. Қысқа тұйықталудан кейін өрттің шығу ошағы тоқтатылды. Жағдай өрт сөндірушілердің келуіне дейін ретке келтірілді», - дейді Нұржиян Бәтесова.

Хабар 24 телеарнасы