389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды

  • 355
  • UPD: 14:51, 15.05.2019
Елордада көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды elorda.info

Елордалық полиция қызметкерлері «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жедел алдын алу шарасы жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында ұйымдастырылды.

«Жедел алдын алу шарасы өткізілген екі күннің ішінде полиция қызметкерлері 800-ге жуық жол қозғалыс ережелері бұзылғанын анықтады. Көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері жыл басынан мұндай 300-ден астам жүргізушіні анықтады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ, жедел алдын алу шарасы барысында 50-ге жуық қауіпсіздік белдіктерін тақпау фактісі, 50 шақты жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзуы мен 30-дан астам жүргізушінің қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны анықталды.

Хабар 24 телеарнасы