378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отбасы күніне орай елордадағы №2 балалар ауруханасының аумағына ағаш егілді

  • 76
  • UPD: 15:26, 15.05.2019

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясын ұйымдастырды.

Халықаралық отбасы күніне арнап өткізілетін осы шара аясында №2 қалалық балалар ауруханасының аумағына ағаштар егілді.

Ертай Нүсіпжанов, тілші:

– Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуін құру Елбасы тапсырмасымен 1997 жылы қолға алына бастады. Содан бері мыңдаған гектарға миллиондаған ағаш түптері отырғызылды. Аталған бастама бүгін де жалғасын тапты.

Қалалық балалар ауруханасының ауласы көгалдана түсті. Бүгін қайың, шырша, қарағай, қарағаш, теректің 200-ге шуық көшеті отырғызылады. Барлық аймақтардағы медициналық мекемелердің ауласын жасылдандыру шарасы 10 жылдан бері жүріп келеді. Елімізде дәл осындай 20 жасыл аймақ құрылды.

Раушан Сәрсембаева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

– Ауруханада жатқан аналар мен балақайлар аулаға шығып серуендеу үшін осындай жағдай жасадық. Қазақстан бойынша 7 мыңнан аса көшет отырғыздық. Сан жағынан әлі де аз шығар. Бірақ осындай аумақтарды жасылдандыруға жеткілікті деп ойлаймын.

Шараны ұйымдастырушылар акция арқылы отбасы, ана мен бала рөлін арттыру сияқты міндеттерін қамтуын көздейміз, ол мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен бірге барша азаматтық қоғамның тікелей белсенді жұмылуы арқылы шешілуі тиіс екенін айтты.

Авторлары: Ертай Нүсіпжанов, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы