378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 16 мамыр күні дабыл қағу жүйелері тексеріледі

  • 245
  • UPD: 17:34, 15.05.2019
Нұр-Сұлтанда 16 мамыр күні дабыл қағу жүйелері тексеріледі

Нұр-Сұлтанда ертең сағат 9:55-те теле-радио арналарда дабылдар қосылып, құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады Ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы