389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беру 8 маусымда тоқтатылады

  • 547
  • UPD: 18:51, 15.05.2019
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беру 8 маусымда тоқтатылады

Дауыс беруге құқық беретін есептен шығару куәлігін беру сайлаудан бір күн бұрын, яғни 8 маусым күні сағат 18:00 де тоқтатылады.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Бұл куәлік арқылы азаматтар кез-келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Оны сайлаушының өзі немесе сенім білдірген адамы жеке куәлік бойынша тіркелген учаскесінен ала алады.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Бір елді мекеннің ішіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді. Есептен шығару туралы өтініш түссе оны комиссия төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде толтырады.

Хабар 24 телеарнасы