379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингі АЭФ-те венчурлық капиталға қатысты стартаптар ұсынады

  • 98
  • UPD: 20:42, 15.05.2019

Әлемдегі инновациялық технологиялар мен өнімдердің пайда болуы венчурлық капитал индустриясының дамуымен тікелей байланысты.

Экономиканы цифрландыруда әрі құнды тауарлар мен қызметті өркендетуде мемлекет пен бизнестің бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Венчурлық капиталды дамытудағы мемлекеттің ролі Астана экономикалық форумындағы негізгі тақырыптардың бірі болмақ. «Бәйтерек» холдингі» ұйытқы болатын сессия аясында «қолжетімді тұрғын үйдің озық экожүйесін құрудағы мемлекеттің ролі» де талқыға түседі.

Форумның алғашқы күні «венчурлық капиталды дамытудағы мемлекеттің ролі» тақырыбында пікір алмасулар мен талқылаулар өтеді. «Бәйтерек» холдингі» аталған салаға қатысты стартаптарын ұсынады. Сингапур мен Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне сүйенген еліміз алғашқы венчурлық қорын құрды. Енді ол отандық бизнес-бастамаларды қолдауға серпін беруі тиіс.

Айдар Әріпханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы:

- QazTech Ventures компаниясы құрылды. Ол қор ішіндегі қор іспеттес. Бұл шетелдік әріптестерімізбен венчурлық қаржыландыруды ұйымдастырады. Қазіргі уақытта екі қор дайындап жатырмыз. Біреуі миллиард теңгені құрайды. Екінші қор 20 млн АҚШ доллары көлемінде болады.  

Форумның екінші күні «Бәйтерек» холдингі» қолжетімді тұрғын үйді дамытуға арналған концепциясын ұсынады. Жоба шетелдің үздік тәжірибесін ескере отырып, бірыңғай оператор құру туралы бастама негізінде әзірленген. Ол қоршаған ортанының экожүйесін сақтап, тиімді энергия көздері мен құрылыстың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданана отырып, тұрғын үй құрылысымен айналысады.

Айдар Әріпханов, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Сингапурда тұтас құрылысқа жауапты компания бар. Олар жобалаумен айналысып, кейін оны құрылысқа енгізеді. Компания тұрғын үйлерді өздері бөледі. Әрі барлық инфрақұрылымды іске қосып, қызмет көрсетеді. Мұның бәрін бір компания жүзеге асырады. Бұл өте ыңғайлы. Бізде бірнеше компания айналысады.

«Бәйтерек» холдингі» форум сессиясына Сингапур, Тайланд, Қытай және Оңтүстік Кореяның жетекші сарапшыларын шақырды. Шетелдік мамандар Қазақстандық әріптестерімен озық үлгілерді сөз етіп, өзара тәжірибе алмасады.

Хабар 24 телеарнасы