379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі фидерлік кеме қатынасына еуропалық порттар қызығып отыр

  • 119
  • UPD: 21:59, 15.05.2019

Ақтау теңіз айлағынан транскаспий бағытындағы тұрақты фидерлік кеме қатынасының ашылуы еуропалық порттардың қызығушылығын тудырып отыр.

Қазір Каспий жағасындағы шаһарда халықаралық көрме өтіп жатыр. Шараға 300-ге тарта делегат келген. Олардың назарын аударған жоба - фидерлік тасымал. Мұнда екі толық құрамды пойыз, яғни 20 футтық 225 контейнер бір кемеге тиеледі. Бортына қазақстандық экспорт пен Қытайдан контейнермен тасымалданатын транзиттік тауар артқан су көлігі Ақтаудан Бакуге апта сайын қатынайды. Діттеген жеріне екі тәулікте жетеді. Одан әрі контейнерлік поезд Ыстамбул арқылы Еуропа елдеріне өтеді.

Абай Түрікпенбаев, «Ақтау теңіз-сауда порты» ҰК АҚ президенті:

- Бірінші кезекте, бұл жобаға халықаралық контейнерлік жүк тасымалымен айналысатын оператор, яғни компания өкілдері қызығушылық танытып отыр. Түркия, оңтүстік Еуропа елдеріндегі ірі теңіз айлағының өкілдері қазірдің өзінде өтінім білдіруде. Сондай-ақ Өзбекстан мемлекеті де контейнермен тасымалданатын транзиттік жүктерін Қазақстан порты арқылы шетел асыруға ниетті.

Манфред Сейтз, көрмеге қатысушы /Австрия/:

- Ақтау теңіз портының қазіргі әлеуетінің жоғары екенін іс жүзінде көріп отырмыз. Біздің компания Румыния елінің Костанса порты арқылы көрші мемлекеттерге жүк тасымалын жүргізумен айналысады. Өз басым, осы көрмеге қатысу арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары туралы жан-жақты ақпаратпен енді танысып жатырмын. Келешек Констанса-Грузия-Ақтау порттары арқылы тұрақты байланыстың болуын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы