379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында автобан құрылысы басталды

  • 103
  • UPD: 21:23, 15.05.2019
Қарағанды облысында автобан құрылысы басталды

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстік өңірін жалғайтын автобанның Қарағанды-Балқаш учаскесінде құрылыс жұмыстары басталды.

360 шақырым жолды салуға қазынадан 240 миллиард теңге бөлінген. Үш жылдың ішінде жұмыс толық аяқталмақ. Мамандардың айтуынша, арақашықтық шамамен 10 шақырымға қысқарады. Айта кетейік, қазір Қарағанды қаласын жанап өтетін 48 шақырымдық айналма жолдың да құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде жұмыстың 70 проценті аяқталды. Мұнда қосымша 7 жолайрық және 10 көпір салынады. Жоба құны 35 миллиард теңге. Жаңа жол келер жылы ел игілігіне беріледі.

Серік Айдос, «Қазавтожол» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры:

- Жол құрылысы кезінде көлік қозғалысына кедергі болмайды. Ескі жолды бұзбаймыз. Егер жұмыс жоспарға сай жүрсе, Қарағандыдан Балқашқа дейінгі автобанды 2022 жылы толық салып бітіреміз.

Хабар 24 телеарнасы