388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі дәмханалардағы ауызашарда қазақтың ұлттық тағамдарына тапсырыс көп беріледі

  • 478
  • UPD: 23:09, 15.05.2019

Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жұрт ауызашарды халал асханалар мен шәйханаларда өткізуді дағдыға айналдырып келеді.

Бұл осы салада кәсібін дөңгелеткен жандарға оңтайлы болып тұр. Дәмханалардың көбісі 30 күн оразада түрлі жеңілдіктер жасап, арнайы ауызашар мәзірін дайындаған.

Дәмхананың әкімшісі телефонға хабарласқан тұтынушыға орын жоқ екенін айтып жауап береді.

Шынында да дәмхана мен шәйханада ал қалтаңызға қарай мейрамханада ауыз ашқыңыз  келсе ертерек қамданғаныңыз абзал. Себебі Шымкент миллионды шаһар. Халық тығыз орналасқан. Қалада қоғамдық тамақтанатын орындар көп болғанымен, ішімдік сатудан бас тартқан халал дәмханалар санаулы.

Түс ауа шәйхананың ас дайындау орнында жұмыс қыза түседі. Аспазшылардың да жұмысы қауырт. Себебі ауыз ашарға тапсырыс бергендердің қарасы қалың. Мұндағы бас аспаз Мұрат Үсеннен білгеніміз Рамазан айы басталғалы ет тағамдарына сұраныс артқан. Сол себепті мәзірге етпенен дайындалатын бірнеше жаңа тамақтарды қостық дейді ол.

Мұрат Үсен, шәйхананың бас аспазы:

- Біз мынау оразаға алдын ала дайындаламыз. Мәзірді ауыстырамыз. Адамдардың не қалайтынын біліп қалдық мысалыға. Не жейтінін, қандай тағамдарды ұнататынын. Соған қарай өзгерістер жасаймыз жылда.

Даяшылар жағы да дастарханды әрлеуге кіріскен. Мұнда ораза ұстаған адамға ең қажетті құрма мен су бірінші жеткізіледі. Бұл дәмхана есебінен жеңілдік ретінде тегін беріледі. «Рамазан айында тапсырыс көлемі ұлғайған соң, соған сәйкес қажетті мамандарды да көбейттік. Тіпті жуырда жаңадан тағы бір халал тамақтанатын орынды аштық  дейді шаһардағы бірнеше шәйханалар желісінің басшысы Жанна Айтбаева.

Жанна Айтбаева, шәйхана иесі:

- Рамазан айы басталғалы бері біздің шәйханамызда тапсырыстар мен сұраныстар өте көп. 200-ден аса адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп жатырмыз біз. Рамазан айына байланысты бұрынғыданда көбейттік жұмысшыларды, даяшы, азпазшыларды. Одан кейін біздің тәтті торттарымызды жасап үйретуге шетелден маман шақырттық.

Ал астың адалдығын анықтайтын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты «Халал даму» орталығының Шымкенттегі өкілі базарлар мен түрлі сауда орталықтарына ұдайы бақылау жасап отырамыз дейді. Қазбек Сұлтанбекұлының айтуынша, халық қазір  халал мөрі бар азық-түліктерге сұранысты көбейткен. Тұтынушылардың таңдауы негізінен шұжық өнімдері, сосын сүт тағамдары мен тәттілер.

Қазбек Сарыбаев, ҚМДБ «Халал даму» орталығының қалалық бақылаушы өкілі:

- Дәмханаларды айттық онда қоспаға мән береміз. Одан кейін дәмдеуіштеріне қатты мән береміз. Сонымен қоса шұжық өнімдеріменен мынау түрлі ірімшік жасайтындарда «Птиын» деген нәрсе болады. Ароматизатор болады. Қазір кез келген мекемелердің өнімін алған уақытта Алматыдағы «Триген» деген арнайы зертханаға жібереміз. Ол зертханада барлығын анықтап береді. 

Шымшаһардағы ауызашарға тапсырыс қабылдаймыз деген бірнеше дәмханаларға да жолай соқтық. Мұнда әкімші болып жұмыс жасайтын Қазына Өмір «бізге келушілердің басым көпшілігі ұлттық тағамдар мен сусындарға тапсырыс жасайды» дейді. Ендеше ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда ұстаған оразамыз қабыл болсын!

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы