379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


OPPO компаниясы Reno смартфондарын таныстырды

  • 110
  • UPD: 23:55, 15.05.2019

Әлемдегі беделді смартфон өндірушілердің бірі OPPO компаниясы қазақстандықтарға креативті Reno сериясын таныстырды.

Ерекше дизайнды сэлфи камера, 10 есе үлкейтетін қуатты гибридті зум және панорамалық экран. Бұл Reno сериясы ұсынған көп артықшылықтың бір парасы ғана.

RENO сериясын таныстыру рәсіміне белгілі актерлер, әншілер мен блогерлер жиналды. OPPO компаниясы Reno және Reno 10-х Zoom модельдерін ұсынып отыр. Жаңа инновациялық технологиялар талғампаз тұтынушылардың барлық талаптарына сай келеді. Компанияның әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істеуі соның дәлелі.

Ботагөз Карибаева, OPPO брендінің қазақстандағы маркетинг басқармасының басшысы:

- Бүгін біздің компания үшін, әріптестеріміз және мінсіз сапа мен нағыз гаджетті бағалайтын азаматтар үшін ерекше күн! OPPO жаңа смартфондар әлеміне қадам басып отыр. Біздің компания 5G технологиясының көшбасшысы саналады.

Жаңа смартфондар Ocean Green және Jet Black түстерімен шығады. Эстетикалық дизайны да шебер жасалған. Reno 10-х Zoom дисплейінің диагоналі 6,6 дюйм. Ал экранның тиімді алаңы 93 пайыздан  асады. Осыған қарамастан энергия тұтыну 8 пайызға азайған. Тағы бір ерекшелігі өте жылдам ашылатын сэлфи-камерасы.

Виталий Богданов, OPPO брендінің қазақстандағы маркетинг басқармасының pr-менеджері:

- Біздің смартфондарда барлығы әдемі болуы тиіс. Фронтальды камера спиральды механизмнің көмегімен небәрі 0,8 секундта көтеріледі. Өте берік материалдан жасалған. Күніне 100 рет қолдансаңыз да ешнәрсе болмайды. Байқаусызда құлатып алсаңыз сэлфи-камера автоматты түрде жабылады.

Қонақтар Reno-ның 48 мегапиксельді, ультра түнгі режимді камерасын өздері де сынап көрді. Гибридті зумның арқасында сапалы сурет түсіруге болады. Ал 4К видео мен Dolby Atmos стерео жүйесі құдды бір кинотеатрда отырғандай әсерге бөлейді.   

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы