378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы орнатылады

  • 74
  • UPD: 15:29, 16.05.2019
Ақтауда «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы орнатылады

Таяу күндері Каспий жағасындағы шаһардың көлік жолдарында «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – аймақ кәсіпкерінің туған қалаға жасаған тартуы. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстарының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Әр жолақ үстіне бағдаршам және бейнебақылау камералары қойылады. Бұл міндет облыстық Полиция департаментіне жүктелген. Ендігі кезекте жолдан қауіпсіз өту үшін тұрғындар бағанадағы түймені басады. Сәйкесінше жаяу жүгіншілер жолағы бойындағы жасыл шамдар жанып, бағдаршам түсі қызылға ауысады. Жауапты мамандар күн ысығанша мұндай өзгерісті орталық көшедегі көлік және жағалау жолынан көруге болатынын айтып отыр.

Әлішер Қартов, қалалық цифрландыру бөлімінің басшысы:

- Әрбір бағана басына күн панелі орнатылған. Яғни өздігімен тоқ өндіріп, айналасын және жаяу жүргінші жолағын жарықтандырады. Бұдан бөлек көшенің қарсы бетіне қауіпсіз өтуге болатынын дыбыстық сигнал арқылы да білдіреді. Осындай жаяу жүргіншілер жолағы бар жол жиегіне күнқағары бар орындықтар да қойылады.

Хабар 24 телеарнасы