378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 5100 бала мектепке электронды жүйе арқылы қабылданған

  • 129
  • UPD: 15:29, 16.05.2019
Түркістанда 5100 бала мектепке электронды жүйе арқылы қабылданған

2018-2019 оқу жылына Түркістан қаласы бойынша 5100 бала 1 сыныпқа электронды жүйе арқылы қабылданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ата-аналар мektep.kz cайты арқылы балаларын өздері таңдаған мектепке берген. Ал 200-ден астам маман jumys.kz cайты арқылы конкурсқа қатысып, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, білім саласын цифрландыруды республика бойынша Түркістан облысы алғаш болып енгізді. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған. Сондықтан облыстағы 481 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама беру және кезекке қою осы жүйе арқылы жүзеге асқан. Бұл аймақтағы балабақшалардың 35 пайызын қамтиды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Талғат Шегенбаев, қалалық білім бөлімінің бас маманы:

- Сонымен қатар 10 мектепке «Білім бук» деген құрылғы, яғни ішінде 3 тілде сабақтың  ресурстары бар. Сол арқылы сабаққа пайдаланып өтуде. Оқушылардың білімін бағалау бұрын қағаз жүзінде іске асырылса, қазір тек «Күнделік.кз» сайты арқылы жұмыс жүргізудеміз.

Хабар 24 телеарнасы