378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда алимент төлеуден қашқан әке борышын атасы өтейді

  • 145
  • UPD: 15:28, 16.05.2019
Ақтауда алимент төлеуден қашқан әке борышын атасы өтейді

Алимент төлеуден қашқан ақтаулық тұрғынның борышын оның әкесі өтейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық сот үш бала кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 15 АЕК көлемінде ақша төлеуді міндеттеді. Белгілі болғандай, жауапкершіліктен жалтарған әке қымбат көлігін бір компанияға қомақты сомаға жалға беріп отырған. Жұбайынан ажырасқан бойда машина құжатын әкесінің атына аударады. Сот орындаушыға өзін 30 мың теңге айлық алатын көлік жүргізушімін деп таныстырған. Өтірігі әшекере болғанша әр балаға айына бес мың теңгеден беріп келіпті. Ол енді осы сомадағы алиментін одан әрі де төлей береді. Оған сот қосқан қосымша қаржыны шайқалған шаңырақтың атасы өтейді. 

Мұхит Мұқашев, қалалық сот судьясы:

- Айына сол автокөліктен 385 мың теңге таза табыс тауып отырған. Екеуінің арасындағы ұрыс-керіс басталғаннан кейін балалардың әкесі өз атындағы автокөлікті әдейі әкесінің атына аударады, яғни балалардың атасының атына. Біз істі қарай келе жағдайдың заңға сәйкес келмейтінін, қайткен күнде алименттен қашуға болмайтынын, балалардың құқығын қорғау қажеттігін ескере келе атасынан 15 АЕК көлемінде қосымша алимент өндіруді дұрыс деп шештік.

Хабар 24 телеарнасы