378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы ауылда жаңбыр суынан бүлінген жер үй жоқ

  • 66
  • UPD: 15:28, 16.05.2019
Маңғыстау облысындағы ауылда жаңбыр суынан бүлінген жер үй жоқ

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарайтын Таушық ауылына нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір сағатқа жуық толассыз түскен ылғал елді мекен ішіндегі арықты толтырды. Арнасынан асқан лай су жақын көшедегі екі үйдің ауласына кіріп, жаңбыр басылған соң кері ағып кеткен. Қазіргі жағдайды село әкімдігі бақылап отыр. Жауапты мамандар нөсер басталған бойда су келуі мүмкін деген жерлерді аралап, тұрғындармен тілдескен. Айтуларынша, жауын салдарынан бүлінген жер үй жоқ. Ауылішілік көше жолын қалпына келтіру үшін көрші тұрған Қаражамбас кенішінен арнайы техника сұралған.

Хабар 24 телеарнасы