378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бірыңғай қызмет көрсету жүйесі құрылады

  • 60
  • UPD: 15:28, 16.05.2019
Алматы облысында бірыңғай қызмет көрсету жүйесі құрылады

Алматы облысының тұрғындары енді мемлекеттік көмек пен кеңесті үйден шықпай-ақ алатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей мүмкіндік «i-Көмек 109» атты мониторингтік орталықтың ашылуымен қолжетімді болмақ. Сонымен қатар тосын жағдайда жедел қызмет көрсететін мекемелердің телефон нөмірін біріктіру көзделген. Яғни тұрғындар өрт шығып, медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшысының көмегін қажетсінген жағдайда бір ғана 112 нөміріне қоңырау шалатын болады. Бұл жобалар алдағы күзден бастап жүзеге асырылмақ. Игі бастама құжаттарды электронды нұсқаға көшіру аясында қолға алынып отыр. 

Аманжол Жазықбаев, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Жедел жәрдем, өрт сөндіру, газ қызметі болсын өтініш түскенде қабылдап алады да мамандарын жібереді. Ал бұл жердегі мамандар қауіпсіздік жөнінде кеңес береді. Бұл жобалар басқа елдерде тиімділігін көрсеткен. Соны енгізсек деп талқылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы