378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда әлеуметтік жобаларды қолдау орталығы ашылды

  • 180
  • UPD: 15:28, 16.05.2019
Талдықорғанда әлеуметтік жобаларды қолдау орталығы ашылды

Алматы облысындағы үкіметтік емес ұйым басшылары енді бір ғимаратта бас қосып, ортақ жоба-жоспарларын талқылай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі шаралары мен басқосуларын да сол жерде өткізеді. Талдықорғанда қоғамдық ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар мен бастамаларды қолдау орталығы ашылды. Онда ұйым жетекшілері шет тілдерді оқып, компьютерлік сауаттылығын арттырады. Әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты идеяларын жүзеге асырады. Оларға менеджерлер жан-жақты көмек көрсетпек.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соның 300-ден астамы белсенді жұмыс істеп, шетелдіктермен тығыз байланыс орнатқан.    

Карли Ван Орман, АҚШ бас консулдығының өкілі:

- Бұл өте әдемі ғимарат екен. Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарға осылай қолдау көрсетіп, көмек беруін өте жақсы бастама деп ойлаймын. Енді олар өзара бір-бірімен байланыста болып, азаматтық қоғам қалыптастыруға үлес қосады деген ойдамын.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Қаржыландыру көлемі жылдан-жылға артып келеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы 25 млн болса, былтыр 50 млн теңгеге жетті. 2019 жылы 75 млн грант беріледі. Біздің үкіметтік емес ұйымдар тек облыстық қана емес, республикалық және халықаралық гранттарды алып, керемет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы