378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері пойызда билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды

  • 38
  • UPD: 11:26, 16.05.2019
Жыл басынан бері пойызда билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржолда билетсіз жүру және заңды түрде рәсімделмеген жүкті тасымалдау әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында 2018 жылдың сәуір айында «нөлдік» төзімділік принципін енгізген, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Заңсыз әрекетке бой алдырған компания қызметкерлеріне қатаң жаза қолданылады.

Бұл күнде осындай заң бұзған жолсеріктер пен пойыз басшыларының ісі онлайн түрде орталық аппараттың жауапты қызметкерлерімен бірге қаралады.

«Осы жылдың алғашқы 4 айында Компания тарапынан 2146 пойыз тексерілді. Тексеру нәтижесінде билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды, 23 қызметкермен еңбек келісім шарты тоқтатылды»,- делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы