389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандарды топырақта ылғалдың аздығы алаңдатады

  • 396
  • UPD: 15:46, 16.05.2019

Бір-екі күннің ішінде Тобыл өңірінде жаппай бидай егу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әзірге мал азықтық және майлы дақылдарды себу жұмыстары жүріп жатыр. Техника, тұқым, жанар-жағармай жеткілікті. Қостанайлық егіншілерді алаңдататын басты мәселе топырақта ылғалдың тапшылығы. Сондықтан  олар әр күнді тиімді пайдаланып қалуға күш салуда.

Шаруашылық агорономы Ерлан Жетелменов әр алқаптың ылғал мөлшерін күнде бақылап отырады. Соңғы аптадағы ыстық ауа райы жердің жоғары қабатындағы ылғалдың тез булануына әкеліп соққандығын айтады.

Ерлан Жетімеков, шаруашылықтың бас агрономы:

- Былтыр осы алқапта бидай болды. Біз 12 центнерден алдық. Ылғал 1 метр болды. Биыл ылғал аз болып тұр. Енді сол 12 центнер алу үшін 10 мм жауын керек.

Мұндағы бар техника тәулік бойына егіс басында. Механизторлар екі ауысымда жұмыс істейді. 

Боранбай Түлеубаев, механизатор:

- Таңертең 7-ден бастаймыз жұмысты. Күніне 35 гектар істейміз. Сағат 11-ге дейін істейміз.

Бұл шаруашылықтың егістік алқабы 12 мың гектарға жуық. Басым бөлігін мал азықтық дақылдар алып жатыр. Бидайға небары 1500 гектар бөлінген. Есесіне майлы дақылдар көлемін біршама арттырған. Сондай-ақ қазір шаруалар элиталық тұқым себуге ынталы. Ол түсінікті де. Бір жағынан мол өнім кепілі, екіншіден, мемлекет субсидиясы тағы бар.  

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Тұқым шаруашылығы субсидиясына 1,3 млрд теңге қаражат бөлінген болатын. Бүгінге күнге соның 560 миллион тенгесі төленді. Бірақ кейін осы шаруашылықтар осы алған тұқымының 30 пайызын қайтарады.

Қостанай облысында барлығы 5,3 миллион гектарға көктемгі егіс жұмыстары жүргізіледі. Егістік құрылымындағы басты өзгеріс биыл майлы дақылдар алқабы 46 мың гектарға ұлғайтылған.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы