379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кәсіби техникалық білімі бар мамандар тапшы

  • 78
  • UPD: 15:23, 16.05.2019
Атырауда кәсіби техникалық білімі бар мамандар тапшы

Мәселен, мұнай-газ саласы, құрылыс және өзге де жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта мұнай-газ саласына маман даярлаушы жоғары техникалық колледжде семинар-тренингтер ұйымдастырылып жатыр. Таңдау босқа түскен жоқ, өйткені мұнда білім халықаралық оқу бағдарламасымен беріледі. Қазір әлемдік деңгейдегі ірі мұнай-газ өндіруші компаниялары жергілікті колледждерге өздерінің соңғы үлгідегі технологиялары мен қондырғыларын алып келіп студенттерді үйретіп жатыр. Ең бастысы, бұл жоба тегін әрі колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына қажетті сертификаттар да табыс етіледі. Ал өздерінің білімі мен біліктіліктерін дәлелдей алған студенттер диплом алысымен жұмысқа қабылданады.    

Орынбасар Есқалиев, тәлімгер:

- Осы тренингтер студенттерді теориялық білімі мен қатар практикалық жұмыстар және қолмен ұстап, жұмыс жасау нәтижесінде оларға күшті білім берді. Осы білімді болашақта қолдана отырып жақсы жұмысқа кіреді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы